13.01.2015 Views

2 не

2 не

2 не

SHOW MORE
SHOW LESS

You also want an ePaper? Increase the reach of your titles

YUMPU automatically turns print PDFs into web optimized ePapers that Google loves.

атомдарға қолданылатын косымша теңдеулер ұсынды. Олар көп

электронды атомдарда тек дөңгелек орбита ғана болып коймай,

эллипс тектес орбиталар да болады жэне олар кеңістікте

эр түрлі орналасуы мүмкін деді. Осы орбиталардың мөлшері,

кеңістіктегі орналасуы кванттау ережесіне сай қарастырылды.

Бұл теорияның аркасында спектрлерге тән көптеген заңдылықтар

ашылды. Алайда, бұл Бор-Зоммерфельд ұсынған теорияның

ғылымнын, әрі қарай дамуына ілесе алмауы айқын болды, себебі

бұл теорияға тән кайшылықтар ескі көзқарас негізінде шешілмейтіндей

еді.

Бор теориясының басты жетімсіздіктері мыналар:

1. Теорияның негізіне механика мен электродинамика заңдарынан

тумайтын кванттау ережесі пайдаланылады.

2. Бор теориясы бойынша спектрлердің кейбір сипаттамаларын

дәлірек айтсақ, олардын, сызыктарының интенсивтілігін және

мультиплеттігін есептегенде тәжірибе жүзінде шығатын нәтижелермен

сай келмейді.

3. Осы теория негізінде есептелген көп электронды атомдардың

электрондарының энергиясы да тәжірибе нәтижелерімен сай

келмейді.

4. Бор теориясын пайдаланып химиялық байланыстардын,

сандық мәнін есептеп шығаруға болмайтындығы анықталды. Мысалы,

өте қарапайым жүйе-ионданған сутек молекуласынын

Н2 + ыдырау энергиясын есептегенде теріс шама шығады, яғни

теория мұндай ион болмайды деп санайды. Іс жүзінде ондай

ион бар, ондағы байланысты үзу үшін 267,7 кДж/моль энергия

жүмсау қажет.

§ 7. М А Т Е Р И А Л Д Ы Д Ү Н И Е Н ІН , Е К І Ж А Қ Т Ы Т А Б И Ғ А Т Ы

Бор теориясы атом кұрылысы жайлы ғылым саласының дамуына

үлкен эсер етті. Бірақ ол сутек атомынан баска атомдардың

кұрылысын дәл анықтап бере алмады. Бор атомдағы электрондардың

қозғалысын жай механикалық козғалыс ретінде карады.

Ал шындығына келгенде ол әлдеқайда күрделі заңдарға бағынатын,

толып жатқан ерекшеліктері бар дүние болатын. Сол сиякты

Бор теориясындағы квантталған орбита дегеннін, табиғаты мен

мағынасы шешілмеген жүмбақ күйінде қалды.

Атом кұрылысының қазіргі теориясы микробөлшектердің екі

жакты табиғатын, яғни бөлшектік (корпускулалық) және

толкындык табиғатын коса алып түсіндіреді.

Материалды дүниенің екі жакты табиғаты ең алғаш сәуле

үшін тағайындалған еді. Өткен ғасырдың алғашқы жартысында

жарыктың интерференциясы мен дифракциясын зерттей келе,

эксперимент жүзінде олардын, электромагниттік толкындар екендігі

анықталды. Ал XX ғасырдың басында жарыкгын, фотон деп

аталған материалды бөлшектердің ағыны екендігін дәлелдейтін

толып жаткан құбылыстар ашылды. Солардың бірі фотоэффект

кұбылысы болатын.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!