Create successful ePaper yourself
Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.
Пьер Кюри

(1859— 1906)

Эрнест Резерфорд

(1871— 1937)

тап қараса, бұлар бұрын заттың бөлініп болған шегі, енді бөлінбейтін

ең кіші бөлшегі деп жүрген атомда электрондар бар

екенін жэне онда ядролык процестердің (радиоактивтік) болатынын

көрсетеді.

Сырт карағанда бұл айтылғандар таза физикалық процесс

сияқты болғанымен, ғылымның келешек дамуы, осы айтылғандардың

барлығы, яғни атомның электрон кауыздарының және ядросының

кұрылысы периодтык системаға тікелей байланысты екенін

көрсетті. Сондыктан XX ғасырдын 20 жылдарының аяғына

дейін атомнын электрон кауызы зерттелді, одан кейін 1932 жылдардан

бастап атомның ядросы зерттелді. Сөйтіп атомның бұл

екі сферасы екі баска зерттелді. Осыған байланысты периодтык

заң өзінің дамуында әуелі электрон кауыздарынын заңы болып

(оны біз осы тарауда өтеміз), сонынан атом ядросының заңы

болып (XXIII тарау) дамыды.

Атомның ядролык моделі. Атомның эксперимент

корытындысынан шығарылған ең алғаш моделін 1911 жылы

ағылшын ғалымы Эрнест Резерфорд ұсынды.

Бұл уакытка дейінгі эксперименттер нәтижесінде зат ішінен,

демек, атомнан, электрондар бөлініп шығатындығы анык болды,

олай болса, атомнын, ішінде оларды нейтралдайтын он зарядтар

да болуы керек.

Міне, осы он зарядтарды, олардын орналаскан жерін, Резерфорд

а-бѳлшектерімен тэжірибе жасау аркылы тапкан.

Резерфорд ѳз тэжірибелерінде бір шок а-бѳлшектерін жұка

металға бағыттап жібергенде, олардың басым көпшілігі жұка

58