13.01.2015 Views

2 не

2 не

2 не

SHOW MORE
SHOW LESS

You also want an ePaper? Increase the reach of your titles

YUMPU automatically turns print PDFs into web optimized ePapers that Google loves.

Бірініиі бөлім

ТЕОРИЯЛЫК МӘСЕЛЕЛЕР

I тарау

КІРІСПЕ

§ 1. химия ғылымы

Химия — жаратылысты зерттейтін ғылымдардың бірі.

Ж аратылыс дейтініміз — бізді айнала қоршаған материялык

дүние. Бұл материялык дүние адам баласының сана-сезімінен

тыс, оған тәуелсіз, өз бетімен ж асап түрған объективтік болмыс,

«...материя дейтініміз, ол біздін. сезім мүшелерімізге эсер ету

аркылы түйсік туғызушы; материя дейтініміз бізге түйсік аркылы

берілетін объективтік болмыс».

М атерия, материялык дүние, жаратылыс жайында түсінік

толык, дұрыс болу үшін, онда өнебойы өзгеріс, өсу, өшу, даму

процестері, үздіксіз козғалыс болатындығын естен шығармау

керек. Материя әрдайым козғалыста болады. «Қозғалыс — материяның

бар екендігінін, формасы. Еш ж ерде, еш уақытта козғалыссыз

материя болған емес, болуы мүмкін де емес...» (Ф . Э н ­

гельс).

Демек, қозғалыс — материяның бөліп алуға болмайтын

өзімен бірге ж аралған касиеті. Материя мен оның қозғалысы

жойылмайды да, ж аңадан жаралмайды да, ол — мәңгілік.

М атерия қозғалысының түрлері әр қилы: заттың бір орыннан

екінші орынға козғалуынан бастап, оның кызуы және салқындауы,

жарык шығаруы, химиялык әрекеттесуі, тіршілік процестері,

ең акыры ойлау — осының барлығы материяның козғалысының

түрлері.

Адам жаратылыс зерттеуде болсын, не күнделікті тұрмысында

болсын ж аңа айтылып өткен кең түсініктегі материямен емес,

онын, накты көрінісімен, материянық жеке түрімен кездеседі.

Материяның түракты физикалык касиеттері бар әрбір түрі

з а т деп аталады, мысалы, шыны, темір, уран, бор, гелий т. б.

жеке заттар.

Күнделікті бакылауымызда бұл заттар ѳнебойы ѳзгеріске

ұшырайтындығын байкаймыз, мысалы, тау жыныстары күйрейді,

су буға айналып ұшады, темір тоттанады. Осы ѳЗгерістердін

барлығы — материя қозғалысының жеке түрлері.

М атерияның накты көрінісі (заттар) өте көп, материя чк.озғалысының

түрлері де қилы-килы, осыған сәйкес жаратылысты

зерттейтін ғылымдар да түрлі салаға бөлінеді.

Химия материя козғалысының химиялык түрін зерттейді,

яғни зат негізінен өзгеріп, бір заттан екінші ж аңа зат түзілуіне

байланысты туатын материя қозғалысының түрін зерттейді.

4

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!