13.01.2015 Views

2 не

2 не

2 не

SHOW MORE
SHOW LESS

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

ѳзгеше болады, мысалы: С0СІ2— кѳк, СоС12-6Н20 кызғылт түсті.

Галогенидтердің барлығы да суда ериді және гидролизденеді.

Сутекпен темір, кобальт, никель қосылыс бермейді, бірақ

қатты және балқыған күйде оны өзінде еріте алады. Мұндай

еріген сутектің болуы олардың механикалық сапасын кемітеді. Сутекті

едәуір көп ерітетін никель органикалык косылыстарды сутектендіру

үшін колданылады.

Азотпен де темір, кобальт, никель тікелей косылыспайды.

Құрамы Fe4N, Fe2N, C03N, C02N, Ni3N болатын нитридтері

жанама жолмен алынады. Бүлардын ішінде тұрактылары

және маңызы зоры — темір нитридтері. Болатты және болаттан

жасаған бұйымдарды химия-те'рмиялык өңдеу кезінде.азот сіцірілсе,

олардың каттылығы, коррозияға және үйкеліске беріктігі

артады.

Көміртекпен темір тобының металдары жоғары температурада

әрекеттесіп, жалпы формуласы Ме2С, Ме3С карбидтерін

түзеді. Олар, әсіресе никельдің карбидтері түрақсыз. Темірдің

карбиді — цементит Ғе2С шойын мен болат өндіруде маңызды

роль аткарады. Цементит ромб тәрізді кристалды өте

катты зат, t6— 1650° С, тығыздығы 7,4 г/см3.

Кремниймен косылып силицидтер Fe3Si, Co3Si, Ni3Si түзеді.

Силицидтердің маңызы зор, олар кұймалардың қаттылығын,

жоғары температураға төзімділігін және коррозияға беріктігін

арттырып, сапасын жаксартады.

Б о р м е н темір, никель, кобальт боридтер түзеді. Олардыц

жалпы күра.мы — МеВ, бұдан баска никель Ni3B, Ni3B2, Ni2B3

сияқты косылыстар түзеді. Боридтер балку температурасы

жоғары заттар.

Күкіртпен темір, кобальт, никель үнтак түрінде реакцияласып

MeS типті сульфид түзеді, баскаша жолдармен түзілетін

сульфидтер де болады, олардыц жалпы формуласы Me2S3, MeS2,

бұлардан баска кобальт пен никель Me3S4 сиякты да сульфид

түзеді.

Бұл сульфидтердіц, темір, кобальт, никель металлургиясында

мацызы ѳте зор, металл бойында аз да болса күкірт калса,

оныц механикалык касиеттерін нашарлатады. Сондыктан болаттардан,

кұймалардан, мемлекеттік стандарт бойынша рұксат

етілгеннен артык күкіртті аластау, металлургияныц ѳте мацызды,

эрі киын міндеті.

Фосформен де темір, кобальт, никель кэп жылу бѳліп

шығарып реакцияласады, одан фосфидтер — Ме3Р, Ме2Р, МеР,

МеР2 түзіледі. Фосфидтер балкыған металдарда ерігіш, одан

барып металдыц механикалык касиеттері тѳмендейді. Болат пен

күймаларға фосфордыц зияны күкірт сиякты. Сондыктан оларды

фосфордан бѳлу металлургияныц киын жэне басты міндетініц

бірі.

564

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!