You also want an ePaper? Increase the reach of your titles
YUMPU automatically turns print PDFs into web optimized ePapers that Google loves.
ластырады, бірак, қасиеттері кайталайтын ұқсас элементтер бір

горизонталь бойымен орналастырылады.

Бұл оңай жұмыс болмады: кейбір элементтердің атомдық

массалары күмән туғызды (Тһ) кейбіреулерін атомдык масса

өсуімен емес, қасиетінің ұқсастығына қарап орналастыруға

тура келді (Те мен I), кейбір элементтердің болуы керек екендігі

анықталып, оларға орын тастап кетілді (осы кездегі галлий,

германий, гафний, скандий жэне т. б.).

Менделеев 1869 жылы ақпанда системасының бірінші

вариантын (4-кесте) ірі ғалымдарға таратып, жариялайды

жэне сол жылы периодтык заңның негізгі тезистерін жазады:

1) элементтерді атомдық массасы өсу ретімен орналастырса,

қасиеттері периодты түрде кайталайтындығы байкалады,

2) атомдык масса элементті сипаттайды, 3) бүрын белгісіз

жаңа элементтердің ашылуын күту керек, 4) элементтің атомдык

массасын оның ұксас элементтері белгілі болса, түзетіп

дәлірегін табуға болады.

1870 жылы Менделеев «Химия негіздерінің» бірінші басылуында

элементтер системасының жаңа вариантын береді (5-кесте).

Мұнда бірінші варианттағы кестені 90° бұрған, сонда ондағы

вертикаль катарлар мұнда период болып, параллель горизонтальдағы

элементтер валенттігі бойынша, топ түзеді. Біздің

осы уақытта колданатын кестелеріміз осы екінші варианттың

негізінде жасалған.

Бүл вариантка сүйеніп Менделеев: 1) 12 элемент тағы ашылу

керек деп болжап, оларға бос орын калдырды, олар осы күні

табылған — скандий, галлий, германий, технеций, рений, гафний,

полоний, астат, франций, радий, актиний, протактиний; бүлардан

баска лантаноидтар мен ураннан кейінгі элементтер табылуы

мүмкін деген пікір айтты; 2) 10 элементтіц атомдык

массаларын 1,5—2 есе түзеп ѳзгертеді, олар — бериллий, индий,

ванадий, торий, уран, лантан, церий жэне баска лантаноидтар;

осылардыц валенттіктерін де ѳзгертті; 3) ГО элементтіц атомдык

массаларын түзетеді; 4) 8 элементті, ол уақытта-^ксас деп жүрген

элеме.нттерден басқа элементтермен ұксастығын тауып

солармен бір топка орналастырады.

Осындай жұмыстардыц актығында 1871 жылы Менделеев

периодтык заңның анықтамасын береді:

Элементтердің, олардың жай және күрделі қосылыстарының,

қасиеттері атомдык, массаға периодтык, тәуелділікте болады.

Менделеевтіц осы периодтык зацы химиялык элементтерді

классификациялауға негіз болды; осы зацныц график түрін периодтык

система деп атаймыз.

§ 4. Периодтық заң және атомның күрделілігі

Периодтык зацда анық көрінген химиялык элементтердіц

атомдарыньщ арасындағы байланыс, тәуелділік осы атомдардыц

бәріне ортақ бір негіз бар шығар, осы атомдарда бір тектестік

51