13.01.2015 Views

2 не

2 не

2 не

SHOW MORE
SHOW LESS

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

пен мыс электродтар күкірт кышкылыныц ерітіндісіне батырылғандыктан

тез істен шығатын. Қазірде гальвани элементтерінің

түрі көп (XIV тарауды қара).

§ 16. Э Л ЕК ТРО Л И З

Электр өткізгіштерді екі ретке бөледі. 1 ретті өткізгіштер

электрондар қозғалысына тәуелді (электрондык өткізгіштік).

I ретті өткізгіштерден электр тогы өткенде оныц химиялык күрамы

ешбір өзгеріске ұшырамайды, әрі ешкандай химиялык реакция

жүрмейді.

Электролиттер II ретті өткізгіштерге жатады. Олардағы өткізгіштік

электр өрісінде иондардыц козғалысына негізделген

(иондык өткізгіштік). II ретті өткізгіштерден ток жүрген кезде

олардыц электродтарында тотығу-тотықсыздану реакциясы жүреді

яғни электролизденеді. II ретті өткізгіштердіц катарына

тұздар, кышкылдар мен негіздердіц судағы ерітінділері, сол сиякты,

осы заттардыц балкыған күйдегі балкымасы да жатады.

Электролиз — дейтініміз ерітінді немесе б а л -

қыған күйдегі электролиттен ток өткен кезде

жүретін тотығу-тотыксыздану процесі. Бүл процесте

электр энергиясы химиялык энергияға айналады.

Егер электролиттіц судағы ерітіндісіне тұракты ток көзімен

жалғаскан электродтар салсак ерітіндідегі иондардыц тәртіпсіз

козғалысы белгілі бір бағытка ие болады: катиондар катодка,

аниондар анодка барып зарядсызданады, яғни катиондар катодтан

электрондар алып, аниондар анодка артык электрондарын

беріп бейтарап күйге ауысады (105-сурет). Осыдан-ақ электролиз

процесініц ішкі сыры катодта ѳтетін тотыксыздану, анодта ѳтетін

тотығу процесі екенін көреміз. Зарядсызданған атомдар, не

атомдар тобы ерітіндіден бөлініп шығады немесе өзара әрекеттесіп

электролиздіц екінші өнімі деп аталатын заттар түзеді.

Мысал ретінде мыс дихлоридініц судағы ерітіндісініц электролизденуін

карастырайық. Тұракты ток әсерінен ерітіндідегі С"и

және СГ иондары әркайсысы карсы заряды бар ■электродтарға

бағытталады да, мыс ионы катодта тотыксызданып, хлор ионы

анодта тотығады:

Cu"+2e = Cu

2С1' —2е = С12

Электролиз механизмін карағанда кез келген сулы ерітіндіде

электролиттіц диссоциациялануынан пайда болатын иондардан

баска да судыц диссоциациялануынан туатын сутек катионы мен

гидроксид анионы болатындығын айту кажет. Олай болса, катодта

зарядсыздана алатын екі ион: электролит (металл) жэне

сутек катиондары болады. Дэл кай ионныц зарядсыздануы ец

алдымен олардыц кернеу қатарында тұрған орындарына, содан

соц иондардыц концентрациясы мен процесс ѳтетін электродтыц

материалына біршама тэуелді.

305

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!